«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V Заңы (2026.12.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Үлескер жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер:

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) реновациялау шеңберіндегі үлескерді қоспағанда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол емес тәртіппен ақша салуға;

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер немесе реновациялау шеңберіндегі үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесін қабылдауға;

4) іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 15-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жəне реновациялау шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген үлестің құнын төлеуі төлемдерді шартта белгіленген мерзімде уәкілетті компанияның банк шотына салу арқылы жүргізіледі.

Реновациялау шеңберіндегі үлескердің үлес құнын төлеуі реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа Бірыңғай оператор қосылғаннан кейін жəне реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтар мемлекеттік тіркелгеннен кейін реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын уəкілетті компанияға беру арқылы жүргізіледі.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Үлескердің міндеттемелері ол үлестің құнын толық көлемде төлеген және оны көппәтерлі тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үйлер кешенінен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес қабылдап алған кезден бастап орындалған болып есептеледі.

Реновациялау шеңберіндегі үлескердің міндеттемелері уəкілетті компанияның реновациялау объектісіне жəне (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру мемлекеттік тіркелген жəне реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сəйкес көппəтерлі тұрғын үйдегі үлес қабылданған кезден бастап орындалды деп есептеледі.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру жөніндегі міндеттемесі көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданған, тараптар көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру туралы шартқа қол қойған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізілген кезден бастап орындалды деп есептеледі.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мердігердің (бас мердігердің) кепілдікті мерзім бойынша міндеттемелері ол кепілдікті мерзім кезеңінде туындаған, жобалау-сметалық құжаттамада және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы көрсеткіштері сәйкестігінің бұзушылықтарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Тұрғызылған көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес үлескерге жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге іс жүзінде берілгенге дейін оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелін уәкілетті компания көтереді. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес іс жүзінде берілгеннен кейін кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі үлескерге жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге өтеді.

 

16-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тараптардың жауапкершілігі

1. Уәкілетті компания құрылыстың барысы мен сапасына бақылауды қамтамасыз ету бойынша жауапты болады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Уәкілетті компания үлескерлермен жасалған, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта айқындалған талаптарда көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысы үшін енгізілген ақшаға билік етеді және мыналар:

1) үлескерлер ақшасының нысаналы және уақтылы пайдаланылуы;

2) объектіні салу кезінде нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын сақтау;

3) пайдаланылатын құрылыс материалдарының, конструкциялардың, жабдықтардың сапасы және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу;

4) объектіні пайдалануға тапсыру мерзімдері;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) үлескерге оның үлесін беру үшін Қазақстан Республикасының заңдарында немесе тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта белгіленген жауаптылықта болады.

3. Уәкілетті компания қойылған біліктілік талаптары арқылы мердігерді (бас мердігерді) таңдау үшін жауапты болады.

4. Уәкілетті компания үлескерді кезекті төлемді төлемегені туралы пошта арқылы хабардар етуге міндетті. Мұндай хабарлама салым тізімдемесімен тапсырыс хатпен жүзеге асырылуы немесе үлескерге қолхатпен жеке өзіне тапсырылуы тиіс.

Үлескердің шарттық міндеттемелерді орындаудан бас тарту фактісін тану үшін төлемді (төлемдерді) кешіктірудің жалпы мерзімі кемінде үш ай болатын төлемді (төлемдерді) төлемегені туралы кемінде үш хабарламаның болғаны белгіленуі қажет.

5. Үлескер кезекті төлемді төлемеген және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт талаптарына сәйкес осы баптың 4-тармағында айқындалған мерзім ішінде жазбаша өтініш бермеген жағдайда, уәкілетті компания мынадай шешімдердің бірін қабылдауға:

1) кейіннен талап ету құқығын басқаға беруді ресімдеуде жәрдем көрсете отырып (бұрынғы үлескерге енгізілген ақшаларын қайтара отырып), үшінші тұлғадан осындай үлесті төлеуге арналған қаржыландыруды (ақшаларды) қабылдап алуға;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шартты бұзуға және үлесті үшінші тұлғаға өткізуге және сатудан түскен ақшаны көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдап алған күннен бастап үш ай ішінде үлескерге қайтарып беруге не бұрынғы үлескер осы ақша үшін жүгінгенге дейін оның банктік шотта сақталуын қамтамасыз етуге құқылы.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Уəкілетті компанияның көппəтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес ақысын үлескерлердің қолма-қол ақшасымен алуына тыйым салынады.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Кепілдік беру жағдайы басталған жағдайда үлескер өзі енгізген ақшаны қайтару туралы тиісті талаппен жүгінген кезде уəкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шарты бойынша үлестің құнын осы үлес үшін үлескер енгізген ақша сомасынан аспайтын мөлшерде өтейді.

Реновациялау шеңберіндегі үлескер енгізілген үлесті қайтару туралы тиісті талаппен жүгінген кезде уəкілетті компания үлестің құнын реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартына сəйкес өтейді.

 

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 17-баптың тақырыбы өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

17-бап. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Уәкілетті компания үлескердiң жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескердің салынған көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі олардың (оның) үлесін оған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзiмнен кешiктiрмей беруге мiндеттi.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Уәкілетті компания үлескерге жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге оның көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі олардың (оның) үлесін берудi салынған көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін жүзеге асырады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Салынған көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қойылғаннан кейін уәкілетті компания үлескерлерге жəне реновациялау шеңберіндегі үлескерлерге көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестерiн беру жөнiндегi мiндеттемелерді мерзiмiнен бұрын орындауға құқылы.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Уәкілетті компания тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарға сәйкес көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталғаны туралы және үлестің беруге дайын екендігі туралы үлескерге жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге хат жіберуге, сондай-ақ үлескерді жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерді үлесті қабылдап алу қажеттігі туралы және үлескердің жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарда көзделген әрекетсіздігінің салдарлары туралы алдын ала ескертуге міндетті. Хат тапсырыс хатпен және пошта жөнелтілімін адресаттың алғаны туралы хабарламамен пошта арқылы жіберілуге немесе үлескерге жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге қолхатпен жеке өзіне табыс етілуге тиіс.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді

5. Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысының аяқталғаны туралы және көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің беруге дайын екендігі туралы жазбаша хабарламасын алған үлескер жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген мерзімде немесе, егер мұндай мерзім белгіленбеген болса, көрсетілген хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны қабылдауға кірісуге міндетті.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Жұмыс нәтижелерін қабылдау уақытында ондағы жобалау-сметалық құжаттамадан, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан жəне (немесе) реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттан ауытқуларды анықтаған үлескер жəне (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер уәкілетті компаниядан тараптармен келісілген мерзімде анықталған кемшіліктерді жоюды талап етуге құқылы.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Көппəтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау актісі негізінде туындаған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу кезінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде үлесті кепілге қоюды тіркеудің болуы туралы мəліметтер жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын кейіннен тіркеу үшін жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) бірыңғай мемлекеттік кадастрына интеграциялау арқылы беріледі.

 

 

5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕСТІК ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

18-бап. Үлестік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыру кезінде екінші деңгейдегі банктің жобаға қатысуы тәсілімен немесе көппәтерлі тұрғын үйдің қаңқасы тұрғызылғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру тәртібі

1. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатының негізінде жүзеге асырады.

2. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алу үшін құрылыс салушы және уәкілетті компания жергілікті атқарушы органға осы Заңның 9-бабының 1,1-1,3 жəне 5-тармақтарында немесе 10-бабының 1 жəне 3-тармақтарында (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тəсіліне қарай) көрсетілген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш жібереді.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Жергілікті атқарушы орган құрылыс салушыдан және уәкілетті компаниядан осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды алған кезден бастап сегіз жұмыс күні ішінде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат не жазбаша уәжді бас тартуын жіберуге міндетті.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның осы Заңның 9-бабының 1,1-1,3 жəне 5-тармақтарында немесе 10-бабының 1 жəне 3-тармақтарында (тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру тəсіліне қарай) белгіленген бір немесе бірнеше талапқа сәйкес келмеуі жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден бас тартуы үшін негіз болып табылады.

2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Құрылыс салушы және уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беруден уәжді бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

7. Құрылыс салушы және уәкілетті компания уәжді бас тартуда көрсетілген ескертулерді жойғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат алуға қайта жүгінуге құқылы.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

8. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты жергілікті атқарушы орган көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға беруге дейін оның құрылысының бүкіл кезеңіне береді.

9. Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру және одан айыру «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

 

19-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастырудың ерекшеліктері

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының кездейсоқ қымбаттау тәуекелін, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, мердігер (бас мердігер) көтереді.

2. Мердігер (бас мердігер), егер өзіне байланысты емес себептер бойынша құрылыс монтаждау жұмыстарының құны сметадан кемінде он пайыздан асып түссе, сметаны қайта қарауды талап етуге құқылы. Бұл жағдайда құрылыс-монтаждау жұмыстары құнының сметадан он пайыздан асатын сомада кездейсоқ қымбаттау тәуекелін уәкілетті компания көтереді.

2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

3. Мердігердің (бас мердігердің) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес мердігерлік шарт бойынша орындаған жұмыстары үшін төлемдерді төлеу инжинирингтік компания растаған, орындалған жұмыстар актілері негізінде уәкілетті компанияның банктік шотынан жүргізіледі.

Уәкілетті компанияның банктік шотынан үлескерлердің ақшасы пайдаланылған кезде құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес мердігерлік шарт бойынша мердігерге (бас мердігерге) төлемдерді алдын ала төлеуге мынадай шарттардың бірі ескеріле отырып жол беріледі:

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мердігердің (бас мердігердің) міндеттемелерді тиісінше орындауын қамтамасыз ету болып табылатын аванстық төлемді қайтару бойынша екінші деңгейдегі банктің шартсыз жəне кері қайтарып алынбайтын кепілдігі болған кезде уәкілетті компаниямен мердігерлік шарт құнының елу пайызынан аспауға тиіс;

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) қамтамасыз етусіз уәкілетті компаниямен мердігерлік шарт сомасының жиырма пайызынан аспауға тиіс.

Мердігер (бас мердігер) орындаған жұмыстар үшін төлемдерді кейіннен төлеу осы Заңның 20-бабында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

Мердігердің (бас мердігердің) пайдасына төленетін төлемдер мердігердің (бас мердігердің) пайдасына төленетін төлем мөлшеріне мердігерлік шарт құнының қатынасына пропорционалды аванс сомасының бір бөлігі шегеріле отырып төленуге жатады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Уәкілетті компания үлескерлердің ақшасын көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылыс мақсаттарына пайдалануды осы Заңның 20-бабында көзделген талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.

5. Аяқталмаған құрылыстың меншік иесі уәкілетті компания болып табылады.

6. Құрылыс салушының және уәкілетті компанияның банктік қарызды тартуынан және Бірыңғай оператордан кепілдік алуынан басқа, олардың өзге міндеттемелері бойынша аяқталмаған құрылыспен азаматтық-құқықтық мәмілелерге тыйым салынады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

7. Мердігер (бас мердігер), құрылыс салушы және уәкілетті компания кепілдік мерзімі ішінде жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені көрсеткіштері сапасының сақталуына және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалану мүмкіндігіне кепілдік береді.

8. Құрылыс салушы және уәкілетті компания жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жүргізуге міндетті.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9. Уәкілетті компания көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлестің алаң бірлігін жобалау құнының көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің жалпы алаңына арақатынасымен айқындалатын құннан төмен емес өткізуге міндетті.

2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

10. Құрылыс салушы уәкілетті компанияның міндеттемелері бойынша үлескерлер алдында субсидиарлық жауаптылықта болады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

11. Уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысын аяқтау бойынша міндеттемелерін орындамауы немесе тиісінше орындамауы оның көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін бұзуы болып табылады. Көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін пайдалануға қабылдау мерзімін құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілген мерзімнен бес айдан аспайтын мерзімге ауыстыруға жол беріледі.

 

20-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуда ақшаны мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көппəтерлі тұрғын үйдің немесе жеке тұрғын үйлер кешенінің құрылысына бағытталған ақшаның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында уəкілетті компания екінші деңгейдегі бір банкте ғана ұлттық валютамен біреуден аспайтын ағымдағы шот ашуға міндетті.

Уəкілетті компания ұлттық валютамен ағымдағы шот ашылған екінші деңгейдегі банкте:

шетел валютасымен біреуден аспайтын ағымдағы шотты;

ұлттық валютамен біреуден аспайтын жинақ шотын ашуға құқылы.

Уəкілетті компания осы баптың 6-тармағының талаптарын одан əрі сақтаған жағдайда, уəкілетті компанияның осы тармақта көрсетілген шоттары арасында ақша аударымдарын жүзеге асыруға жол беріледі.

Бірыңғай оператордың кепілдігін алу тəсілімен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру кезінде уəкілетті компания рейтингтік агенттіктердің бірі берген кредиттік рейтингі «B+»-тен төмен емес екінші деңгейдегі банкте шетел валютасымен ағымдағы шот ашуға міндетті. Бірнеше рейтингтік агенттіктің рейтингтері болған кезде ең азы қолданылады.

2. Уәкілетті компанияның банктік шотынан ақшаны пайдалану банктік шот шартының талаптарына сәйкес, инжинирингтік компания растаған орындалған жұмыс актісі негізінде осы баптың 8-тармағына сәйкес қаржыландыру мақсаттары үшін жүзеге асырылады.

2025.30.06. № 204-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)